АҚПАРАТТЫҚ
ҚОҒАМ
АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ
МАНИФЕСІ

Бүгін

Қазақстандағы білім беру жүйесі
зайырлы құндылықтармен күшейтілмеген. Соның нәтижесінде, бізде мамандардың ғылыми ізденісін ығыстырушы білімсіз «азғындардың» тобыры қалыптасқан.
Ғылым өле бастады,
ал білім – ғылымнан алшақтап кетті.

БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ

қазіргі кезде қандай тұлға типін қалыптастыра алатынымызға тікелей байланысты. Заманымыздың тарихи талабы –
ғаламдық ақпарат жинауға ашық және әлеммен келісімге
келе алатын адамдардың басым болуында.

Ұлттық
білім беру
жүйесінде:

Адам бойындағы ғылыми «сыни ойлау» қабілетін қалыптастыруға арналған танымның шұғыл компонентін дамыту қажет.

Адам бойынан зайырлы, соның ішінде, жалпыға ортақ құндылықтардың рухани моралін ашуға арналған объективті құндылықтар жүйесін дамыту қажет.

Бірыңғай азаматтық сәйкестіктегі ұлттық мемлекет құруда көнеден бастау алатын этникалық қайнарлар тұлғалық ашықтықтың негізі болатын жалпыазаматтық ұлттық идеясын дамыту қажет.

Әр жеке адам өзіндік индивидуалдылығын, жекелей дамуы мен меншігін қорғай алатындай, адам құқығын қорғаудың негізі бола алатын еркін құқықтық сананы дамыту қажет.

Ақпараттық төңкеріс технологиялық дәрежеде ендігі жасалып та қойды. Футурологтар кең мағынасында «постиндустриалды» деп айдар тағып, көп әрі жиі айтып келген ақпараттық қоғам құрылысы жүріп жатыр. Егер қоғамда ақпараттық технологиялармен қатар, мәдениетті де соған сәйкес дамыта алатын болса, Қазақстан күрт алға кете алады. Ал бұл үшін білім беру жүйесінде ақпараттық қоғамның жаңа тұлғасы қалыптасуы керек.

Ақпараттық қоғам ағартушырының
Манифесінің толық нұсқасын жүктеу

Манифестің толық нұсқасын алу үшін деректерді толтырыңыз:

Оферта келісімі