АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ АҒАРТУШЫЛАРЫ МАНИФЕСІНЕ ҚОСЫЛУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

«Аспандау» ғылым және білім беру Қоры» қоғамдық қоры, Қор Президенті Нұров К.И. атынан 23.10.2019 күні берілген №4 сенімхаты негізінде әрекет етуші, Басқарма мүшесі, атқарушы директоры Тасболат А.Н. және бұдан әрі бірлесе «Тараптар» деп аталатын қоғамдық ағартушы (ұйым), Қазақстан Республикасы ақпараттық қоғамында тұлғалық потенциалды қалыптастыру қажеттілігін сезіне және осы бағытта күллі азаматтық қоғам біріге күш жұмылдыра отырып, төменде берілгендер бойынша осы сан қырлы Меморандумды жасап шықты:

1 СТАТЬЯ

Ақпараттық қоғам ағартушылары Манифесінің (бұдан әрі – Манифест) миссиясын, құндылықтары мен мақсаттарын жүзеге асыруда тараптар бір-біріне көмек қолын созады, ең бастысы – қоғамдық сананы модернизациялаумен сәйкесетін және ақпараттық қоғам жаңа тұлғасының қалыптасуы жөніндегі стратегиялық міндеттерді шешуде:
Танымның оперативті компоненті – жүйелі «сыни ойлауды» қалыптастыру мақсатындағы әлемді ғылыми тануда категориялық-ұғымдық дәрежені дамыту;
Құндылықтардың объективті жүйесі – адам бойынан объективті құндылықтардың зайырлы (сонымен қатар, рухани) жалпыға ортақ моралін ашу;
Жалпы азаматтық ұлттық идея – бұл титулдық ұлттың қамқорлығымен азаматтық («саяси») ұлт құру және оған ұлттан жоғары тұрғысы келетін қандай да бір империялық ықпалға қарсы тұра алатын ұлттық сәйкестік тәрізді тұлғалық ашықтықты барлық қазақстандықтардың бойында қалыптастыру;
Еркін құқықтық сана – заңнамадағы заңға қайшы озбырлықтан, қоғамдағы заңсыз теріс дискриминациядан, шовинизмнен, фашизмнен, коммунизмнен және басқа «полицейлік мемлекеттіліктен» ада, әр адамның индивидуалдық ерекшелігін, жекелей дамуы мен меншігін қорғай алуын мақсат ететін жалпы көпшіліктің дүниетанымында құқықтық сананы насихаттау.

2 СТАТЬЯ

Манифесте айтылғандай, тараптар өз кәсіби қызметінде ақпараттық қоғамдағы білім берудің құндылықтары, мақсаттары мен принциптеріне ереді.

3 СТАТЬЯ

3.1. Манифест идеяларын жүзеге асыруда және насихаттауда тараптар бір-біріне ғылыми-әдістемелік, идеологиялық, ұйымдастырушылық және басқа да қолдау көрсетеді.

3.2. Тараптар Манифест идеяларын жүзеге асыруда және насихаттауда жеке немесе тараптардың бірлесе қол жеткізген қаражаты есебінен бағыттар, бағдарламалар, жобалар мен басқа да шараларды ұсына алады.

4 СТАТЬЯ

4.1. Жекелеген келісімдер шеңберінде тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша нақты іс-шараларды анықтайды.
4.2. Тараптар ынтымақтастық мәселелерін үйлестіру үшін жауапты адамдарды тағайындайды.

5 СТАТЬЯ

Меморандум оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және егер келісімге келуші тараптардың бірі екінші тарапқа осы Меморандумның жарамдылығын тоқтатқысы келетіні туралы хабарламаса, мерзімі шексіз болып есептеледі.

Осы Меморандум aspandau.kz сайтында, жария түрде орналастырылған.

Меморандумға қол қойғандар

“Аспандау” Қорының жобаларына үлес қосу:

Оферта келісімі